Өңірлер

Оңтүстікте құдайы астың ортақ мәзірі бекітілді

© Photo : muftyat.kz.Оңтүстікте құдайы астың ортақ мәзірі бекітілді
Оңтүстікте құдайы астың ортақ мәзірі бекітілді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мақсат - діни рәсімдерді бір ізге келтіру, ысырапқа, шариғатқа қайшы әдеттерге жол бермеу

АСТАНА, 5 шілде — Sputnik. Шымкент қаласында өткен "ХХІ ғасырдың үздік зияткер имамы" атты имамдар форумында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар Кеңесінің XV отырысында бірауыздан қабылданған "Жаназа һәм жерлеу мәселелері" кітабында көрсетілген шариғат және пәтуа мәселелерін негізге ала отырып, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша марқұмның бір жылға дейінгі садақа ас мәзіріне байланысты құдайы астың ортақ мәзірі бекітілді, деп жазады muftyat.kz. 

Германия мен Швециядан келген қазақтармен Бас мүфти кездесті - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Шетелдегі қазақтар Мюнхен қаласында мешіт салмақ

Форумға қатысушы барлық делегат мүшелері марқұмның бір жылға дейінгі садақа ас мәзіріне ұсынылатын тағамдар түрін бекітті.

Ас мәзіріне мыналар кіреді: нан, бауырсақ, жеті нан, тары, талқан, (жарма), құрма, қант, кәмпит, печенье, өрік-мейіз, қаймақ, сары май, шай, су, ет немесе күріш тағамдары енгізілді.

Негізгі мақсат — діни рәсімдерді бір ізге түсіру мақсатында шығарылған кітапты халыққа жан-жақты насихаттауға, бірлесе отырып түсіндіруге шақыру, діни рәсімдерді бір ізге келтіру, ысырапқа, шариғатқа қайшы әдеттерге жол бермеу болып саналады.

Ата-баларымыздан қалған «Жан қайғысы болған үйде мал қайғысы болмасын» деген тәмсіл сөз бар. Сондықтан шариғат үкімдеріне сәйкес амал-әрекет жасау сауап һәм ғибадат болып табылады.

 

Жаңалықтар
0