Қоғам

18 миллионыншы тұрғынға 3 бөлмелі пәтер беріледі

© Photo : Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі18 миллионыншы тұрғынға 3 бөлмелі пәтер беріледі
18 миллионыншы тұрғынға 3 бөлмелі пәтер беріледі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан халқы 18 миллион 14 мың адамға жетті

АСТАНА, 5 шілде — Sputnik. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Қазақстан Республикасының 18 миллионыншы тұрғыны дүниеге келген Талдықорған қаласында тұратын Бестібаевтар отбасына арнайы барып құттықтап, жас отбасыға 3 бөлмелі пәтер берілетінін айтты, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі. 

сәбидің суреті - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанның 18 миллионыншы азаматының қай қалада дүниеге келгені белгілі болды

Елбасының атынан нәрестеге арналған құрал-жабдықтар сыйға тартқан облыс әкімі Амандық Баталов:

"Еліміздің он сегіз миллионыншы тұрғынының Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында дүниеге келгені – бәріміз үшін ерекше қуанышты оқиға. Демографиялық өсімінің жылдан жылға ұлғайып келе жатқаны халықтың Елбасымыздың салиқалы саясатына, Қазақстанның болашағына деген сенімінің зор екенін білдіреді. Жас ұрпақтың алаңсыз өсіп, білім алуына елімізде барлық жағдай жасалып келеді. Елбасының атынан, Жетісу жұртшылығының атынан осы айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтаймын. Кішкентай нәресте аман-сау өсіп, ер жетіп, елдің абыройлы азаматы болсын!" – дей келе, қалада күзге таяу пайдалануға берілетін жаңа тұрғын үйден жас отбасына 3 бөлмелі пәтер берілетінін жеткізді.

Мүслиманың атасы Еркінбек Бестібаев пен әжесі Бибітай Жасыбаева кішкентай нәрестеге, жас отбасына, жалпы өз әулеттеріне көрсетілген үлкен құрмет пен сый үшін Президентке, облыс басшылығына ризашылығын білдірді. 

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Президент Қазақстан халқының қашан 18 миллионға жететінін айтты

"Мүслима – біздің жетінші немереміз. Біз ұл-қыздарымыз бен немерелерімізді елге қызмет ететін, мемлекетіміздің дамуына өз үлесін қосатын білікті азамат етіп тәрбиелеуге бар күш-жұмсайтын боламыз", — деді Бибітай апа.  

Сәбидің анасы Диана Омарханова 1991 жылы туған, қаладағы № 16 мектепте дефектолог маман болса, әкесі Бестібаев Самат 1982 жылы туған, № 5 мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.

Айта кетсек, Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитетінің мәліметі бойынша, 2017 жылғы 11 мамырда Қазақстан халқының саны 18 миллионға жетіп, есеп бойынша Талдықорған қаласында туған Мүслима Саматқызы 18 миллионыншы тұрғын атанған.


Жаңалықтар
0