Қоғам

Елбасы Астананың көрнекті жерлерін аралап, халықпен тілдесті

© Официальный сайт Президента КазахстанаНұрсұлтан Назарбаев елордалықтармен
Нұрсұлтан Назарбаев елордалықтармен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрсұлтан Назарбаев Бәйтерек пен Арбатта, Нұржол бульварінде болды

АСТАНА, 5 шілде — Sputnik. Елбасы Астана қаласының көрнекті орындарын аралады, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Елбасы Дональд Трамптан құттықтау хат алды

Мемлекет басшысы елордамыздың символына айналған, қайта жөндеуден өткен "Бәйтерек" монументінде болды.

Күрделі жөндеуден соң ғимараттың ішкі кейпі өзгерген. Атап айтқанда, монументтің күмбезі мен бағанасына жылуды сақтауға әрі оған жұмсалатын шығынды азайтуға мүмкіндік беретін энергия үнемдегіш жаңа шыныпакеттер орнатылған. Монументтің холына үлкен LED-экран қойылды.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті "Нұржол" бульварында ашық аспан астында өтіп жатқан жыл сайынғы халықаралық ASTANA ART FEST мәдени фестиваліндегі экспозициялармен танысты.

Фестивальда Қазақстан, Ресей, Франция, Украина, Испания, АҚШ, Германия, Армения, Жапония және Өзбекстан елдерінен келген 60-тан астам автордың туындылары көпшілік назарына ұсынылады.

© Официальный сайт Президента КазахстанаНұрсұлтан Назарбаев Бәйтеректе
Нұрсұлтан Назарбаев Бәйтеректе - Sputnik Қазақстан
1/4
Нұрсұлтан Назарбаев Бәйтеректе
© Официальный сайт Президента КазахстанаНұрсұлтан Назарбаев халықпен бірге
Нұрсұлтан Назарбаев халықпен бірге - Sputnik Қазақстан
2/4
Нұрсұлтан Назарбаев халықпен бірге
© Официальный сайт Президента КазахстанаНұрсұлтан Назарбаев McDonald's қызметкерлерімен
Нұрсұлтан Назарбаев McDonald's қызметкерлерімен - Sputnik Қазақстан
3/4
Нұрсұлтан Назарбаев McDonald's қызметкерлерімен
© Официальный сайт Президента КазахстанаНұрсұлтан Назарбаев сурет салуда
Нұрсұлтан Назарбаев сурет салуда - Sputnik Қазақстан
4/4
Нұрсұлтан Назарбаев сурет салуда
1/4
Нұрсұлтан Назарбаев Бәйтеректе
2/4
Нұрсұлтан Назарбаев халықпен бірге
3/4
Нұрсұлтан Назарбаев McDonald's қызметкерлерімен
4/4
Нұрсұлтан Назарбаев сурет салуда

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Кенесары ханға арналған ескерткіштің жанында орналасқан "Арбат" жаяу жүргінші жолымен жүріп өтті. Онда Мемлекет басшысы Қазақстан қолөнершілерінің теріден, киізден, саз балшықтан және ағаштан жасалған экслюзивті бұйымдарын көріп, көше музыканттарының өнерін тамашалады.

Осы жерде елордадағы "Сарыарқа" ауданының әкімі Мемлекет басшысын аудан инфрақұрылымын одан әрі дамыту жоспарымен таныстырды.

Қазақстан Президенті елорда тұрғындарымен және қонақтарымен әңгімелесті, сондай-ақ барша жұртты келе жатқан Астана күнімен құттықтап, оларға зор денсаулық пен бақ-береке тіледі.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Есіл өзенінің жағасында лазерлік шоуды тамашалады.

Жаңалықтар
0