Оқиға

Алматыдағы студентті өлтіру ісіне қатысты үкім шықты

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтутүрме
түрме - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Осы жылғы көктемде бірінші курс студенті Дидар Болысбек университеттің жатақханасында болған жаппай төбелесте қаза болды

АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Қазақ ұлттық аграрлық университеті студентінің өліміне кінәлі сегіз жылға бас бостандығынан айыруға сотталды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі сот залынан. 

Іс материалдарына сәйкес,12 сәуірге қараған түні университет жатақханасында жаппай төбелес болды. Жанжал салдарынан бірінші курс студенті Болысбек қаза болған еді. Денсаулыққа қасақана ауыр жарақат келтірді деген айып бойынша 21 жасар Тойшыбек Асамов сот алдында жауап беруде.

қамауға алу - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда студенттің өліміне қатысты күдіктілер ұсталды

Сот Тойшыбек Асамовтың мүлкін тәркілеумен сегіз жылға бас бостандығынан айыруға соттады. 

"Сотталушы Тойшыбек Асамовтың тұрақты табыс көзі болмаған, сондықтан ол ашқа мен бөтеннің мүлкін бопсалаған. Екінші курс студенті бола тұра, 5 наурызда ол бірінші курс студенттерімен кездесіп, олардан бес мың теңге талап еткен. Ақша беруден бас тартқандарға Асамов өзге екінші курс студенттерімен бірге күш көрсеткен. Бұл жерде бопсалау белгілері бар", — деп келтірген сот отырыстардың бірінде прокурор Аслан Әділханов айыптау кесімінен. 

Прокурордың атап өтуінше, 12 сәуірде 00.15-те екінші курс студенттері мен бірінші курс студенттері арасында жанжал туындап, оның барысында Тойшыбек Асамов Дидар Болысбекке соққы берген. 

"Сот-медициналық сараптама, қатты соққыдан кеудесі шок алып, ол жүректің тоқтауына әкеліп соқтырғанын растады. Осы дерек бойынша Тойшыбек Асамовқа қатысты ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлімі "адам денсаулығына қасақана ауыр нұқсан келтіру " бойынша қылмыстық іс қозғалы", — деді прокурор Аслан Әділханов. 

Sputnik Қазақстанға университетте хабарлағандай, қаза тапқан студент 17 жаста болған. "Орман, жер ресурстары және фитосанитария" факультетінде үздік оқыған. 


Жаңалықтар
0