Өңірлер

Ақмола облысында 6 сынып оқушысы суға кетті

CC0 / Poperopop / Бала
Бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жасөспірімнің аяғы тайып, өзенге құлап кеткен

АСТАНА, 4 шілде — Sputnik. Ақмола облысында қайғылы оқиға орын алды – 6 сынып оқушысы өзен бойымен келе жатып, жардан құлап, суға кетті, деп хабарлайды ішкі істер департаменті Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Алматыдағы өзен - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматы облысында суға батып бара жатқан қызды құтқармақ болған екі жігіт қаза болды

Қайғылы оқиға Шортанды ауданы Октябрьское ауылында 3 шілде күні болған. 

"Елді мекенде тұратын 12 жасар бала ағасымен бірге балық аулауға барады. Жасөспірім жар шетінде ойнап жүріп, аяғы тайып, өзенге құлап, батып кеткен", — деп ақпарат берді ІІД.

Оқушының денесін жергілікті тұрғындар алып шығып, мәйітханаға жөнелтті. Сараптама тағайындалған. 

Жаңалықтар
0