Қоғам

Елбасы: Біз бас қаламызды сүйеміз, ал қонақтарымыз оған таңырқай қарайды

Жазылу
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік туды көтеру салтанатты рәсіміне қатысып, елорда күнін атап өтуді бастады

АСТАНА, 4 шілде — Sputnik. Қазақстан Президенті мемлекеттік туды көтеру салтанатты рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Астана - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астана күнінде қандай мерекелік шараларға баруға болады?

Елбасы әрбір қазақстандық үшін мемлекеттік ту ерекше маңызға ие екенін айтып, еліміздің тәуелсіздік жылдарында абыройлы даму жолынан өткеніне тоқталды.

"Біз елорда күні қарсаңында мемлекеттік туымызды көтеру рәсімін дәстүрлі түрде өткізіп келеміз. 25 жыл ішінде біз Қазақстанды бір тудың астына біріккен біртұтас ұлт ретінде қалыптастыра алдық", – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның жаһандық технологиялық дамудың алдыңғы шебінен табылуға ұмтылатынын айтып, еліміздің экономика және спорт салаларындағы жетістіктеріне ерекше тоқталды.

"Қазақстанның көк байрағы әлемнің көптеген ірі ареналарында ұлттық жеңісіміздің салтанатында желбірейді. Біз елімізге деген шынайы қуаныш пен мақтаныш сезіміне толы сәттерге Алматыда өткен Қысқы универсиада ойындарының барысында куә болдық. Аспан түстес көк туымыздың астында Қазақстан бүкіл әлемге танылды", – деді Қазақстан Президенті.

Елбасы Қазақстанның жаһандық үдерістерге белсенді атсалысып отырғанына назар аударып, еліміз халықаралық аренада бітімгершілік қызметті жалғастыра беретінін айтты.

Шілде айына арналған шаралар күнтізбесі - Sputnik Қазақстан
Инфографика
ЭКСПО-ның ең қызық мәдени шаралары

"Біз қақтығысып жатқан тараптарды келісімге келіп, татуласуға шақыратын мемлекетке айналдық. Сол арқылы беделіміз де артып келеді. Біз жер бетінде бейбітшілік орнату үшін күресіп, ядролық қарудың жойылуына атсалысудамыз. Біз сенімге ие болып, біртұтас әрі толерантты қоғамда өмір сүрудеміз. Сондықтан мұнда әлемдік дәстүрлі діндердің съезі өтіп отырады", – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев бірлік еліміздің одан әрі дамуының және алдымызға қойған барлық міндеттер мен бағдарламаларды іске асырудың негізі екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Елбасы Астананың тәуелсіз Қазақстан тарихындағы рөлі мен мәнінің жоғары екенін айтты.

"Астана – мүмкіндіктеріміздің, халқымыздың ұлылығы мен ауызбіршілігінің нышаны. Елордамыз – Орталық Азия мен Азия құрлығының маржаны. Біз бас қаламызды сүйеміз, ал қонақтарымыз оған таңырқай қарайды", – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев ту көтеру рәсімінен кейін елорда күні құрметіне арналған мерекелік іс-шаралардың басталатынын айтып, барша жұртты келе жатқан мейраммен құттықтады.

Жаңалықтар
0