Өңірлер

Еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтужаңбыр
жаңбыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Республиканың батысында және оңтүстігінде ыстық ауа райы сақталады

АСТАНА, 4 шілде — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның  басым аймақтарында құбылмалы ауа райы сақталады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейіп, бұршақ болуы мүмкін, солтүстікте тұман түседі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Ақмола, Қостанай облыстарында кей жерлерде желдің күшеюі 15-20 м/с болып, бұршақ болуы мүмкін. Шығыс-Қазақстан,  Қарағанды, күндіз Жамбыл облыстарында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с болады. Солтүстік  Қазақстан облысының  кей жерлерде тұман болады, бұршақ болуы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз жел 15-20, кей жерлерде екпіні  25 м/с болады. Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болып, күндіз бұршақ болуы мүмкін. Күндіз Ақтөбе облысында жел 18 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі.

Күндіз Кызылорда, Алматы,  Жамбыл,  Ақтөбе, Атырау, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде, Қарағанды, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық күтіледі, Маңғыстау, облысында қатты ыстық кей жерлерде өте қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Оңтүстік-Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Атырау облыстарында кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады. 

Астана қаласында көшпелі бұлтты, кей кездерде жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ болуы мүмкін. оңтүстік-батыстан  жел соғады, күші 9-14 м/с.  Ауаның  температурасы түнде +19+21°С, күндіз +30+32°С болады.

Алматы қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің күші 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде +20+22°С, күндіз +34+36°С болады.                                                                                                                       


Жаңалықтар
0