Саясат

Сириялық оппозицияның бір бөлігі Астанаға келуден бас тартты

© AP Photo Сириядағы жағдай
Сириядағы жағдай - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сириялық оппозицияның оңтүстік майданы Астанадағы кездесуге келуден бас тартты

АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Сириялық оппозицияның оңтүстік майданының өкілі Башар-аз-Зубаи Астанадағы кездесуге делегаттарының  келмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости. 

Оппозиционер астаналық кездесуге қатысуға бас тартудың "себептері көп"  деп оңтүстік майдандағы жағдайды  ғана көрсетті. Өзге үкіметке қарсы қозғалыстар туралы аз-Зубари сөз қозғаған жоқ. 

Сирияаралық шиеленісті реттеу жөніндегі бесінші кездесу Астанада 4-5 шілдеде өтеді. Сирия үкіметі мен сириялық қаруланған оппозиция өкілдері қатысатынын растады. 


Жаңалықтар
0