Оқиға

Қарағанды облысындағы кент әкімі кішкентай баланы ажалдан арашалап қалды

© Photo : Arek Sochaбүлдіршін
бүлдіршін - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ересектер кішкентай баланың жоқ болып кетіп, құдыққа құлап кеткенін байқамай қалды

АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Қарағанды облысындағы Кеней кентінің әкімі төрт жасар бүлдіршінді құдықтан шығарды, деп хабарлайды Бірінші Қарағандылық арнасы. 

Телеарнаның ақпаратына сәйкес, оқиға бір апта бұрын Керней ауылында орын алды. Сол күні кафеде үйлену тойы өтіп жатқан. Бүлдіршін қараусыз қалып, қонақтар оның жоқ болып кеткенін байқамай қалған. Көмекке шақырып жылаған балының даусын естігін кент әкімі Төлеген Ибрагимов оқиға орнына барып бес метрлік құдықтан бүлдіршінді әрең шығарып алды. 

"Қарасам: ішінде бала батып жатыр. Бірден құтқаруға ұмтылдым, бірақ мен құдық сонша терең екен деп ойламадым. Құдықтың тереңдігі менің бойымнан биік болды. Мен секіріп, бірден баланың қолынан ұстап алып, аяғымды тіредім. Дөңгелектердің торабынан ұстап тұрдым. Содан кейін көмекке шақыра бастадым. Бойжеткен қыз жүгіріп келді. Одан бала екеумізді шығару үшін адамдарды шақыруын өтіндім", – деді Ыбыраев телеарнаға.  

Баланың әжесі Айдана Сапатаева өз кезегінде баланың есеңгіреп қалғанын алға тартады. 

"Күндіз бәрі жақсы, балалармен ойнайды, болған оқиғаны есіне алмайды. Бірақ түнде ол жақсы ұйықтамайды, жалғыз қалуға қорқып, жылайды", — деді әжей. 

Белгілі болғандай, ашық құдық жергілікті дәмханаға тиесілі. Ауыл тұрғындары оның үнемі ашық болғанын айтады. Сол оқиғадан кейін мекеме әкімшілігі мәселені жойып, ашық құдықты ағаш бұталарымен жауып қойды. 


Жаңалықтар
0