АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Алматыда "Альфа банкін" тонады деген күдіктілер екі айға қамауға алынды
"Бостандық ауданы прокуратурасы бұлтарпау шарасын таңдау туралы тергеушінің өтінішін қолдап, нәтижесінде Бостандық аудандық сотының тергеу судьясы екі күдіктіні қамауға алу түріндегі бұлтарпау шарасын қабылдады, — деп хабарлады аудандық прокуратурада.
Қадағалау органында, екі күдіктің ұсталған күннен бастап екі айға қамауға алынғанын атап өтті.
27 маусым күні Алматыда банк тоналды. Тергеу болжамы бойынша, күдіктілердің бірі банк қоймасына кіріп, тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, 65 миллион 300 мың теңге алып кеткен. Қылмыс жасады деген күдікпен екі адам ұсталды. Олардың бірі банктің бұрынғы, ал екіншісі қазіргі қызметкері.