АСТАНА, 3 шілде — Sputnik. Ақтау тұрғыны кеуде мен көзге атып қасақана денсаулыққа зиян келтіргені үшін бес жылға бас бостандығынан айыруға сотталды, деп жазады өңірлік "Лада" басылымы.
Сот отырысы Ақтау қалалық сотында өтті.
Іс материалдарына сәйкес, ер адам танысының үйіне келген. Сол жерде екеуі келісе алмай дауласып қалады. Жанжал барысында қонаққа келген Ақтау тұрғыны жәбірленушіні жұдырықпен соғып жіберіп, тапаншасын алып шығады, кейіннен оның "МР-461 Стражник"маркалы екені белгілі болады. Сотталушы танысының кеудесі мен көзіне атып жібереді.
Қаруды заңсыз сақтап, зорлық көрсетілген бұзақылық және денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін Ақтау тұрғыны бес жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.