Оқиға

Алматы маңындағы кентте ер адам жаяу жүргінші өткелінде қаза болды

CC0 / / жаяу жүргінші белгісі
жаяу жүргінші белгісі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Автокөлік жүргізушісі бірден жол көлік оқиғасы орнынан жасырынды

АСТАНА, 3 шілде — Sputnik. Алматы маңында Күлжі жолының бойында өліммен аяқталған жол апаты орын алды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға көзбен көрушілер. 

Күлжі жолының бойынан, болжам бойынша күміс түсті BMW көлігі жүріп бара жатқан. Еңбекші кентінде бірнеше адамның көзінше көлік қатты жылдамдықпен жүріп келе жатып жаяу жүргінші өткелінен өтіп бара жатқан 1982 жылы туған ер адамды қағып кетті. 

Автокөлік жылдамдықты төмендетпей оқиға орнынан жасырынды. Зардап шеккен ер адам алған жарақаттардан жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды. 


Жаңалықтар
0