Саясат

Ресей Қазақстанға Ембі полигонын қайтарды

© Photo : Минобороны КазахстанаӘскери полигон
Әскери полигон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресейлік әскерилерге арналған полигондар ретінде пайдаланылған 300 мың гектар жер Қазақстанға қайтарылуда

АСТАНА, 2 шілде  — Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан аумағындағы Ембі полигонын жалға алуды тоқтату туралы келісімге хаттаманы ратификациялады, деп хабарлайды РИА Новости. 

Қазақстан мен Ресей арасындағы Ембі сынақ полигонын жалға алы туралы келісім 1996 жылғы 18 қазанда жасалды. Ресей 2016 жылғы күзде үнемдеу мақсатында Ембі полигонынан бас тартып, келісімдерді аяқтау  процесін бастады. 

Ресейлік әскерилерге арналған полигондар ретінде пайдаланған 300 мың гектардан астам жер енді Қазақстанға қайтарылмақ. 

Жер учаскелері, полигонның жылжымалы және жылжымайтын мүлкін қабылдап-өткізу бірлескен комиссиямен жүзеге асырылады. 

Қазақстан Ембі полигонын жалға беруден жыл сайын 718 мың доллар алып келген. 

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз тарапынан жалға алуды тоқтату туралы құжатқан 5 сәуірде қол қойды. 


Жаңалықтар
0