Оқиға

Татарстанда автобус жүк көлігімен соқтығысып, 13 адам қаза болды

© Sputnik / Медиабанкке өтужарылыс
жарылыс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Автобуста 28 адам болған, олардың 13-і қаза болды

АСТАНА, 2 шілде  — Sputnik. Жолаушылар автобусы мен жүк көлігі Татарстанда тас жолда соқтығысты, қаза тапқандар жоқ, деп хабарлайды РИА Новости. 

2 шілде, жексенбіге қараған түні қайғылы оқиға орын алды. Қалааралық автобус Самарадан Ижевскіге барар жолда Заинскіден тоғыз шақырым жерде жүк көлікпен соқтығысты. Соққыдан кейін автобус аударылып, өртеніп кетті. 

Қазіргі уақытта 13 адам қаза тапты, олардың екеуі бала, 12 адам ауруханаға жатқызылды, үшеуі амбулаториялық емделуге үйіне қайтарылды. 

Қылмыстық іс қозғалды. 

Тергеу болжамы бойынша, автобус жүргізушісі бағыттас жүк көлігіне соқтығысты. Бір болжам бойынша автобус жүргізушісінің көзіне жүк көліктің фарасы шағылысты. 


Жаңалықтар
0