Өңірлер

Қазақстандықтарды жексенбіде құбылмалы ауа райы күтеді

© Sputnik / Болат Шайхиновжаз
жаз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның солтүстігінде бұршақ жауып, оңтүстікте қатты ыстық болады деп болжайды синоптиктер

АСТАНА, 2 шілде  — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның  басым аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр күтіледі, найзағай болады, желдің күшеюі, бұршақ болуы мүмкін, солтүстікте түнде және таңертең тұман болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Республиканың оңтүстік-батысында және оңтүстігінде  жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ақмола, күндіз Солтүстік  Қазақстан облысында  кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ болуы мүмкін, түнде және таңертең тұман болады.

Павлодар, Қарағанды, Шығыс-Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің күшеюі 15-20 м/с болып, бұршақ болуы мүмкін.

Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан, Батыс-Қазақстан, Ақтөбе, күндіз Қостанай облыстарында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с болады.

Күндіз Кызылорда, Ақтөбе, кей жерлерде Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарында қатты ыстық күтіледі, Атырау, Маңғыстау, Батыс-Қазақстан облыстарында қатты ыстық кей жерлерде өте қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Оңтүстік-Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Атырау облыстарында кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.


Жаңалықтар
0