АСТАНА, 1 шілде - Sputnik. ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Союз-2.1а зымыран-тасығыш бөліктері туындатқан дала өртінің салдарынан күйік шалып нәтижесінде қайтыс болған Тыц Вячеслав Павловичтің отбасына және жақындарына шын ниетпен көңіл білдіреді, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.
1968 жылы туылған ҚР Азаматы Тыц Вячеслав, а.ж. 14 маусымында 2-3 дәрежелі термиялық күйікпен Жезқазған қаласының орт алық ауруханасына травматология бөліміне жатқызылған, 15 маусымда Қарағанды қаласының санитарлық авиация қызметімен жеткізіліп, Х. Мақажанов атындағы ортопедия және травматология орталығына орналастырылды.
Медициналық мамандардың күшіне қарамастан Вячеслав Тыцтың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Х. Махажанов атындағы ортопедия және травматологияорталығының мәліметі бойынша науқас В. Тыцтың күйік ауданы 40% құрады, терең термиялық күйіктері болды, бұлшық еттеріне зақым келген. Зардап шеккен Қазақстандық ауырсынуды басатын препараттың көмегімен жатқан.
В. Тыц Ресейлік "Машина жасау ҮЕҰ"ӘПК" АҚ жер үсті құрамының іздестіру тобының құрамына кірген және зымыран-тасығыштардың бөлінетін бөлігін жинау жұмыстарымен айналысқан.
"Машина жасау ҮЕҰ"ӘПК" АҚ өкілдерінің айтуынша отбасына барлық қажетті сақтандыру төлемдері төленеді.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта "Союз-2.1а" ЗТ бүйір блоктарының құлау салдарынан болған дала өрттерін туындатқан себептерін тергеу өз жұмысын аяқтады.
Комиссия құрамына ҚР ІІМ ТЖК, Қарағанды қаласының әкімшілігі, "Роскосмос" ғарыш қызметінің мемлекеттік корпорациясы және "Машина жасау ҮЕҰ"ӘПК" АҚ өкілдері кірді.
Комиссия сарапшылары 2017 жылдың 21-28 маусым аралығында Қарағанды облысындағы оқиға орнында жұмыс істеді.
Жұмыс нәтижесі бойынша күрделі ауа райы жағдайында техногендік сипаттағы өрттің орын алғаны туралы қорытынды жасалды. "Союз-2.1а" зымыран-тасығышының ұшырылуы кезінде құлау ауданында +35 градус ыстық ауа райы мен жылдамды 15-20 м/с жел болды, соның салдарынан дала өрті тез өршіп кетуіне себеп болды, салдарынан ресей компаниясының қызметкерлерінің қаза табуына әкеп соққан.
Осындай жағдай орын алмау үшін ресей және қазақстан мамандарымен бірқатар іс-шаралар қабылданады.
Атап айтқанда, тасымалдағыш зымырандардан бөлінетін бөліктердің құлау ауданындағы жағдайдың мониторингіне Жерді қашықтықтан зондтау құралдары тартылатын болады, зымыран-ғарыш техникасының сынықтарын дер кезінде табу мақсатында ұшырғанға дейін және бірден ұшырғаннан кейін спутниктен ауданды суретке түсіріп алу жоспарланып отыр.
Сонымен бірге ұшудан кейін ресей кәсіпорындары құлау ауданын аралап ұшып шығу үшін жағдайды бақылау, ықтимал қауіпті факторларды анықтау үшін ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолданатын болады.
ҚР ІІМ ТЖК, ҚР ҚАӨМ Аэроғарыш комитетінің бөлімшелерінің күші мен
құралдары құлау ауданындағы жұмыстарға міндетті түрде тартылатын ресейлік мамандармен бірлескен өзара іс-қимыл күшейтіледі.
"Машина жасау ҮЕҰ"ӘПК" АҚ өкілдері қосымша өрт және арнайы техникаларын тарту жолымен жердегі іздестіру топтарын қосымша жарақтауды жүргізетін болады.
Бұдан басқа, бірқатар ұйымдастыру шаралары қабылданды, құлау ауданындағы жұмыс тәртібін регламенттейтін нормативтік құжаттама қайта қаралды.
Қазіргі уақытта "Машина жасау ҮЕҰ"ӘПК" АҚ бұрын қаза тапқан қызметкері Ю.А.Хатюшиннің отбасына 1 630 000 теңге (300 мың рубль) көлемінде алғашқы сақтандыру жәрдемақысы төленгенін атап өту керек. Негізгі сақтандыру сомасын сақтандыру компаниясы комиссияның жұмыс нәтижелерін ресми бекіткеннен кейін төлейтін болады (Сақтандыру ВТБ).
2017 жылғы 14 маусымда Астана уақытымен 15.20-да «Байқоңыр» ғарышайлағының 31-ші алаңынан "Прогресс МС-06" ТЖК "Союз-2.1а" зымыран тасығышты ұшыру жүзеге асырылды.
Зымыранның ұшуы штаттық режимде өтті. 117-ші секундта бірінші кезеңінің бөлінуі болды, оның бөліктері алдын ала тағайындалған ауданға, Қарағанды облысы Ұлытау ауданның Талап кентінен шамамен 20 километр жерде құлағанын еске саламыз.
Өрт 2017 жылғы 15 маусымда сағат 03.31-де жойылды.