АСТАНА, 1 шілде - Sputnik. Астанада 2-6 шілде аралығында өтетін "Азия жаңғырығы" атты Хцирк өнерінің дәстүрлі фестивалінде әлемнің 12 елінен келген цирк әртістері өнер көрсетеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Фестиваль ұйымдастырушысы "Азия жаңғырығын" жаңа форматта өткізуді жөн көрді: — Цирк әртістері өнер көрсететін манеж-фонтан кешенін қолдану идеясы бар. Басымдық цирк әртісі мен ол жасайтын дүниеге, шеберлік әдіске беріледі. Бұл орайда лазер, жарық беру, манеж сияқты заманауи құрылғыларды пайдалану кез-келген шоуды одан әрі жандандыра түседі, — дейді ұйымдастырушылар. Фестивальде Беларусь, Мысыр, Қырғызстан, Монако, Ресей, Түркіменстан, Өзбекстан, Украина, Эфиопия, Қытай сынды елдерден келген және Қазақстанның ең үздік цирк әртістері өнер көрсетеді.
Қала тұрғындары мен қонақтары әлемдегі жалғыз трансформер-манежін, сарқырама каскадын, цирктің құлпытасынан ағатын жаңбыр мен 600-ден астам субұрқақты, сондай-ақ көздің жауын алатын лазерлік анимацияны көре алады. Қойылым 2-6 шілде аралығында 4 күн қатарынан сағат 16.00.-де өтеді.