АСТАНА, 1 шілде — Sputnik. Иранның батысында орын тепкен Ақбаз қаласындағы ауа температурасы +53,7 °C-қа жетті, деп жазады islam.kz сайты.
"Бұл планетамыздағы соңғы 100 жылда ең алғаш рет тіркеліп отырған аса жоғары көрсеткіш. Бұл жайында Mashable мерзімді басылымы хабар таратты", — деп хабарлады басылым.
Ал Weather Underground ақпарат көзінің келтірген дерегіне қарағанда, аталған қалада +61 °C аптап ыстық тіркелген. Бұл көрсеткіш ауа температурасы мен оның ылғалдылық деңгейінің арақатынасымен анықталған.