АСТАНА, 1 шілде — Sputnik. Елордалық ішкі істер департаменті жаңа ғимаратқа ие болады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің сайты.
Астана қаласының ІІД әкімшілік ғимаратының құрылыс жобасына сәйкес, жаңа штабқа құқық қорғау органының 760-қа жуық қызметкері сыяды.
Жоба бойынша жаңа ғимарат жыл бойы жұмыс істейді. Учаскеде 2 тұрақ (70 орын) қарастырылған және қызметкерлердің көлігіне арналған тұрақ (62 орын) болады.
"Нысанның аумағы – 7 957,1 шаршы метр, өтетін жол мен тротуарлар көлемі – 9 992,5 шаршы метр, көгал – 2 089 шаршы метр. Құрылыс мерзімі – 15 ай", — делінген хабарламада.
Әкімдіктің берген мәліметіне сүйенсек, Астана қаласының құрылыс басқармасы мен Астананың Ішкі істер департаменті жаңа ғимараттың орналасу бірлесіп орнын шешуде. Нысан Түркістан көшесінде немесе Мыңжылдық гүлзары аумағында (LRT желісі бойында) салынбақ.