АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Сот қарт әйелді өлтірген екі ағайындыны ұзақ жылдарға соттау үкімін шығарды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Марат және Тимур Набеулиндер қарақшылық жасағаны үшін, сонымен бірге кішісі Тимур денсаулыққа ауыр зардап тигізгені, ал үлкені Марат адам өлтіргені үшін айтыпты деп танылды.
Олар қылмысты ақпанда жасаған. Набеулиндер ішіп алып, үйдің подъезінде айқай-шу шығарған. Тұрғындардың бірі оларға ескерту жасайды. Ал олар әйелдің үйіне баса-көктеп кіріп келіп, иесін өлтіріп, тонап кетеді.
Ағайындылар бұрын да сотталған. Кішісі қарақшылық үшін жазасын өтеген. Үлкені қарақшылық және абайсызда адам өлтіріп алып, түрмеде екі рет отырып шыққан.
Сот Тимур Набеулинді 8 жылға, Марат Наебулинді 19 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.