https://sputnik.kz/20170630/2644041.html
Осы аптадағы айшықты фотосуреттер
Осы аптадағы айшықты фотосуреттер
Sputnik Қазақстан
Астанада биылғы жаз ерекше қызықты сәттерге толы өтіп жатыр. ЭКСПО-2017 көрмесіне келушілер күн сайын көбейіп, павильондарға деген қызығушылық одан сайын артып... 30.06.2017, Sputnik Қазақстан
2017-06-30T14:36+0500
2017-06-30T14:36+0500
2022-02-01T13:05+0500
https://sputnik.kz/img/262/73/2627323_0:235:4287:2660_1920x0_80_0_0_6778d314917605a8abc9068161c40229.jpg
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2017
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/262/73/2627323_0:100:4287:2795_1920x0_80_0_0_b1e50ee0e78d794f62c1213711392380.jpg Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мультимедиа
Осы аптадағы айшықты фотосуреттер 14:36 30.06.2017 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022 )
Астанада биылғы жаз ерекше қызықты сәттерге толы өтіп жатыр. ЭКСПО-2017 көрмесіне келушілер күн сайын көбейіп, павильондарға деген қызығушылық одан сайын артып келеді.
Осы аптадағы ең есте қаларлық, айшықты суреттерді назарларыңызға ұсынамыз.
© Sputnik / Анатолий Устиненко Жергілікті метеорологтар кеңес бергендей, өңірлердегі аптап ыстық кезінде күн көзінен сақтанып, көбірек су ішу керек.
Жергілікті метеорологтар кеңес бергендей, өңірлердегі аптап ыстық кезінде күн көзінен сақтанып, көбірек су ішу керек.
© Photo : КЧС МВД РК Осы аптадағы тура мағынадағы жалынды сәттердің бірі "Шымкент мұнай өнімдері" АҚ мұнай базасының өртенуі болды. Өртті сөндіруге 28 техника мен 120 адам, сондай-ақ нысандық өрт сөндіру бөлімшесінің жеке құрамынан 16 адам мен алты су тасығыш көлік жұмылдырылған.
Осы аптадағы тура мағынадағы жалынды сәттердің бірі "Шымкент мұнай өнімдері" АҚ мұнай базасының өртенуі болды. Өртті сөндіруге 28 техника мен 120 адам, сондай-ақ нысандық өрт сөндіру бөлімшесінің жеке құрамынан 16 адам мен алты су тасығыш көлік жұмылдырылған.
© Sputnik / Анатолий Устиненко Күн ыстықта шаршаған жұмысшы тал көлеңкесінде демалып жатыр. Оңтүстік астанамызда қала орталығында жөндеу жүргізіліп, трамвай жолдары алынып тасталмақшы.
Күн ыстықта шаршаған жұмысшы тал көлеңкесінде демалып жатыр. Оңтүстік астанамызда қала орталығында жөндеу жүргізіліп, трамвай жолдары алынып тасталмақшы.
© Sputnik / Ксения Воронина ЭКСПО көрмесін тамашалап, қатысу үшін ең ыстық құрлықтан келген қонақтарымыз. Көңілдері көтеріңкі, ән салып жүр.
ЭКСПО көрмесін тамашалап, қатысу үшін ең ыстық құрлықтан келген қонақтарымыз. Көңілдері көтеріңкі, ән салып жүр.
© Sputnik / Ксения Воронина Мұндай экзотикаға біздің қазақтар да үйір. Жапырақтар мен қамыстан киім киген папуастарды шын өмірде кім көрген? Бәрі суретке түсіріп әлек.
Мұндай экзотикаға біздің қазақтар да үйір. Жапырақтар мен қамыстан киім киген папуастарды шын өмірде кім көрген? Бәрі суретке түсіріп әлек.
© Sputnik / Болат Шайхинов Халықаралық "жасыл" көрменің павильондары келушілерді таңғалдырудан жалықпайды. Қытайдың неон павильонына кірсеңіз, ғарыш кемесіне тап болғандай әсерде қаласыз.
Халықаралық "жасыл" көрменің павильондары келушілерді таңғалдырудан жалықпайды. Қытайдың неон павильонына кірсеңіз, ғарыш кемесіне тап болғандай әсерде қаласыз.
© Sputnik / Ксения Воронина ЭКСПО-ның тағы бір кереметі. Қазақстанның ұлттық павильоны "Нұр Әлем" сферасында әйнек көпір орналасқан.
ЭКСПО-ның тағы бір кереметі. Қазақстанның ұлттық павильоны "Нұр Әлем" сферасында әйнек көпір орналасқан.
© Sputnik / Анатолий Устиненко Мына кісілер – Алматыда өткен "Ұлы дала рухы" халықаралық фестивалінің қонақтары. Аталар заманауи байланыс құралдарын пайдаланып, қойылым үстінде телефонмен тілдесіп отыр.
Мына кісілер – Алматыда өткен "Ұлы дала рухы" халықаралық фестивалінің қонақтары. Аталар заманауи байланыс құралдарын пайдаланып, қойылым үстінде телефонмен тілдесіп отыр.
© Sputnik / Анатолий Устиненко Ақ шаңқан үйлер, алтыбақандар, биік таулар мен жалындаған жастар. "Ұлы дала рухы" әдеттегідей жоғары деңгейде өтті.
Ақ шаңқан үйлер, алтыбақандар, биік таулар мен жалындаған жастар. "Ұлы дала рухы" әдеттегідей жоғары деңгейде өтті.
© Официальный сайт Президента Казахстана Елбасы мен Монако князьі Альбер ІІ заманауи велосипедтерге мініп, ЭКСПО-2017 аумағын аралап шықты.
Елбасы мен Монако князьі Альбер ІІ заманауи велосипедтерге мініп, ЭКСПО-2017 аумағын аралап шықты.
© Sputnik / Ксения Воронина Әлемдегі бай мемлекеттердің бірі Катардан келген қонақ.
Әлемдегі бай мемлекеттердің бірі Катардан келген қонақ.
© Sputnik Осы аптада "Астана Аренада" өткен Димаш Құдайбергеннің алғашқы концерті жанкүйерлерге ерекше көңіл күй сыйлады.
Осы аптада "Астана Аренада" өткен Димаш Құдайбергеннің алғашқы концерті жанкүйерлерге ерекше көңіл күй сыйлады.
© Sputnik / Данияр Дауталиев Осы аптада тілшілеріміз тағы бір қызық суретті түсіріп алыпты: атышулы Мақсат Үсенов өз туған күнінде қамаудан шығып келеді.
Осы аптада тілшілеріміз тағы бір қызық суретті түсіріп алыпты: атышулы Мақсат Үсенов өз туған күнінде қамаудан шығып келеді.
© Sputnik / Болат Шайхинов Үндістанның павильонын айрықша дәмдеуіштердің иісінен бірден білуге болады.
Үндістанның павильонын айрықша дәмдеуіштердің иісінен бірден білуге болады.
© Sputnik / Ксения Воронина Соңғы сурет ЭКСПО-2017 аясында өткен Сербия Ұлттық күнінде түсірілген. Бойжеткен қанық қызғылт түсті виолончелмен сахна төрінде музыка ойнап, әсем сазға жан дүниесімен беріліп кетіпті.
Соңғы сурет ЭКСПО-2017 аясында өткен Сербия Ұлттық күнінде түсірілген. Бойжеткен қанық қызғылт түсті виолончелмен сахна төрінде музыка ойнап, әсем сазға жан дүниесімен беріліп кетіпті.