Оқиға

Елордалық полицейлер Малайзия азаматына телефонын қайтарды

© Sputnik / Игорь Руссак / Медиабанкке өтуұялы телефон
ұялы телефон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жеке үйдің ауласынан ұялы телефон табылды

АСТАНА, 30 маусым — Sputnik. Елордалық полицейлер Малайзия азаматының ұялы телефонын тауып алып, иесіне қайтарды, деп хабарлайды Астана ІІД баспасөз қызметі. 

ЭКСПО-2017 халықаралық көрменің қонақтары тұратын аккредиттелген аумақты шолу кезінде  "ЭКСПО-вилладж" ТК ауласындағы орындықтан учаскелік инспекторлар полиция аға лейтенанты Нұрлан Молдабеков және полиция капитаны Әйбек Тыныбаев телефон тауып алған.

Тексеру шаралары барысында полиция қызметкерлері телефон иесін анықтады, ол Малайзия азаматы болып шықты. Өз кезегінде шетелдік азамат тәртіп сақшыларына алғыс айтты. 


Жаңалықтар
0