АСТАНА, 30 маусым — Sputnik. Обаны алдын алу бойынша іс-шаралар туралы мәселе Байқоңыр қаласы әкімшілігінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысында қаралды.
Әкімшілік басшысының бірінші орынбасары Виктор Лопаткиннің төрағалығымен отырыс өтті, деп хабарланады қала әкімшілігінің ресми сайтында. Оба эпизоотиясы "Байқоңыр" кешеннің 17П алаңы ауданында анықталды.
"Байқоңыр" кешені бойынша бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сергей Огарь және Ресей ФМДБМ №1 ОМСБ ФМБА басшысының міндетін атқарушысы Сергей Романов өз баяндамаларында "Байқоңыр" кешені аумағында анықталған аса қауіпті табиғи-ошақтық оба инфекциясы бойынша қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты баяндады.
Талқылау қорытындылары бойынша бірқатар шараларды күшейтіп, қала жұртшылығын қалыптасқан жағдай туралы хабардер ету шешімі қабылданды. Әкімшілік қауіпсіздік шаралары көрсетілген арнайы бұрыштама әзірледі. Бұрыштамада табиғи белсенді әреке ететін оба ошағының Қызылорда облысының (Қазалы, Қармақшы және Арал аудандары) аумағында орналасқаны хабарланады.
Оба – ауыр инфекциялық індет.