АСТАНА, 29 маусым — Sputnik. Amanat Insurance сақтандыру компаниясының бұрынғы топ-менеджерлері алаяқтық пен жалған құжат жасады деп айыпталып отыр, деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.
Қылмыстық іс басқарманың бұрынғы төрайымы Зәуре Сейітова, сонымен қатар Светлана Писарева және Гүлжан Жәутіковаға қатысты жүргізілуде.
Үшеуі де ҚР ҚК-нің 385-бабының 2-бөлімі (385-бап. Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу), 190-бабының 3-тарауының 1-тармағы және 190-баптың 4-тарауының 2-тармағы бойынша (ірі көлемде жасалған алаяқтық) айыпталып отыр. Іс бойынша сот отырысы Алматыда өтіп жатыр. Зәуре Сейітова "Amanat Insurance" басқарма төрайымы қызметінен 2015 жылдың қаңтарында кеткен болатын.
Соттың ақпаратына сәйкес, компания менеджерлері, қызметтерін пайдалана отырып, алдау арқылы компанияның аса ірі көлемдегі қаржысын иемденген. Бұл ақшаны еңбек келісімшартын бұзу кезінде берілетін өтемақы төлем үшін деген себепті сылтау еткен және жалған құжат пайдаланған.
Қазіргі уақытта іс бойынша сот тергеуі жүргізілуде.