Қоғам

Қалтадан ақша шығармай қалай садақа беруге болады?

© Photo : otyrar.kzСадақа
Садақа - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Садақа берудің ең оңай бес тәсілі

АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. Кейде қанша жақсылық жасағымыз келсе де, қалтамыздан ақша шығарып, өзгелерге садақа беруге мүмкіндік тумай жатады. Мұндай жағдайда не істеуге болады? Қалтамызды жұқартпай-ақ жақсылық жасап, сауап табудың жолдары бар ма? Шындығында, сауап тапқысы келген адам үшін игілікке апаратын жол өте көп. Ендеше, назар салыңыз. 

  • Алла Тағала Құранда: "Қайырдан не істесеңдер де, күдіксіз Алла оны біледі", "Сонда кім заттың ең кішкентай бөлшегінің салмағындай жақсылық істеген болса, Ол оны көреді" – дейді. Ал адамның жүзіне жымиып қарау да – садақа. Пайғамбарымыз: "Еш уақытта шариғаттың рұқсат еткенін елемеуші болма, керек десең, ол бауырыңды күлімдеп қарсы алу тұрғысынан болса да", – деп күлімдеудің де өмірде өз маңызы бар екенін айтып кеткен. 
  • Қалтаңыздан қаражат шығармай садақа берем десеңіз, бар болғаны мына амалды жасаңыз. Жолдан кедергіні алып тастау да садақаның түріне жатады. Өзгелерге кедергі келтіретін артық затты алып тастау да – сауабы мол игі іс. Себебі, Пайғамбарымыз "Мен Жәннәтта, осы дүниеде мұсылмандардың жүруіне кедергі жасағандығы үшін, кесіп тастаған ағашының көлеңкесінде рахаттанып жатқан адамды көрдім", – деген. 
  • Үнемі жақсы сөйлеуге тырысыңыз. Жақсы сөз сөйлеу – садақа.  Өзінің шыншылдығымен танылған Әбу Бәкір (р.а) жиі-жиі тілін қолымен ұстап тартады екен. Хазіреті Омар (р.а) мұның сырын сұрағанда: "Бұл  – маған қауіп төндіреді" деп жауап беретін көрінеді. Шындығында, Әли ибн әбу Талиб айтқандай, "Жүрек таза болғанда ғана тілден әдемі сөз шығады". Ал сіз күнделікті сөйлеген сөздеріңіз арқылы да сауап, не күнә арқалай аласыз. Мәселен, біреуге комплимент айту.  Комплимент (қошемет, марапат) – адам көңіліне қуаныш сыйлайтын, марқайтатын сөз. Оны тіпті мотивацияға да айналдыруға болады. Өйткені, өзі туралы жақсы пікірді естіген адам одан да жақсы болуға тырысады. Бұл, әсіресе, ерлі-зайыптыларға аса қажет әдістердің бірі.  
  • Алланы үнемі еске алып жүру.  Алла Елшісі: "Күн шыққан әр күні әрқайсысың денелеріңде неше буын болса, сонша садақа беруге тиістісіңдер. Әрбір айтылған "Субхана-Ллаһ"садақа болып табылады және, "Әлхамду ли-Ллаһ" садақа болып табылады және әр бір айтылған "Лә иләһә ила-Ллаһ" садақа болып табылады және әрбір айтылған "Аллаһу Әкбар" садақа және жақсылыққа шақыру садақа болып табылады, жамандықтан тыю садақа, бірақ осының бәрін таңертіңгілік оқыған екі бас нәпіл намаз (духа) ауыстыра алады", – деген (Муслим). 
  • Әрбір тірі нәрсеге жасалған жақсылықта сауап бар!  "Бірде өзінің жолымен келе жатқан адам қатты шөлдей бастайды. Ол бір құдық тауып, онда түсіп шөлін қандырып шыққанда, шөлдегеннен лай топырақты жеп жатқан бір итті көреді. Осыны көрген ол өзіне-өзі: «Бұл ит мен шөлдегендей қатты шөлдеп жатыр", – дейді де, қайтадан құдыққа түсіп аяқ киіміне су толтырып, оны тісімен тістеп сыртқа көтерілгенше тісінен түсірмейді. Сосын сыртқа шығысымен иттің шөлін қандырып су береді. Осы амалы үшін Алла ол адамның бүкіл күнәларын кешіріп алғысын білдіреді". Мұны естіген адамдар: "Иә Алланың Елшісі, бізге хайуандар үшін де сауап беріле ме?",  – деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз: "Сауап барлық тірі жан үшін беріледі",  –  деп жауап берген (Бұхари, Муслим). 

      Дереккөз: ummet.kz

Жаңалықтар
0