Саясат

Есеп комитетінің мүшесі Горяинов қызметтен кетті

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуЖалпы отырыс
Жалпы отырыс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сенатор Рашит Ахметов Александр Горяиновтың орнын басады

АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. Республикалық бюджеттің орындалуын бақылайтын Есеп комитетінің мүшесі Александр Горяинов 2006 жылдан бері істеп отырған қызметінен кетуге өтініш білдірді. Бұл туралы Қазақстан Парламенті сенатының жалпы отырысында айтылды. 

Отырыста атап өтілгендей, Горяинов өз еркімен қызметін босатуға өтініш жазған көрінеді. 

Комитет мүшесі Ольга Перепечинаның сөзіне жүгінсек, сенат регламентінің 81-пунктіне сәйкес, комитет отырысында сенат депутаты Рашит Ахметов осы лауазымға ұсынылған. 

Рашит Ахметов үлкен сенім мен қолдау білдіргені үшін алғыс айтып, бюджеттік заңнаманы жақсартуға бар күшін салатынын мәлімдеді.

Жаңалықтар
0