Қоғам

Президент: ботаникалық бақта экзотикалық өсімдіктердің өсуіне жағдай жасау қажет

© Photo : Ақорданың баспасөз қызметіПрезидент Ауыл шаруашылығы вице-министрін қабылдады
Президент Ауыл шаруашылығы вице-министрін қабылдады - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаевты қабылдады

АСТАНА, 28 маусым — Sputnik. Кездесу барысында Мемлекет басшысына еліміздің өңірлерін көгалдандыру шаралары, сондай-ақ Астана төңірегіндегі «жасыл белдеу» аясында ағаш отырғызу барысы және оны дамыту жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Бурабай - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Президент Бурабайда бағаның қызмет деңгейіне сай келмейтінін айтты

Елбасы республикалық маңызы бар жолдардың, атап айтқанда Астана-Шортанды және Астана-Қарағанды тас жолдарының бойында ағаш егудің қажеттігіне назар аударды.

Сонымен қатар, Қазақстан Президентіне одан әрі көгалдандыру үшін жүргізілген зерттеулердің және ағаш егуге жарамды жерлерді дайындаудың нәтижелері, "жасыл белдеудің" аумағында өсімдік өсіру мен онда жіберілген жануарларды бейімдеу үдерісі жөнінде айтылды.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев елорданы көгалдандыру, соның ішінде қала саябақтарын жақсарту және Астананың сол жағалауында ботаникалық бақ салу бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.

"Ботаникалық бақта өсімдіктер пен ағаштардың барлық түрі өсуге тиіс. Әлемдегі экзотикалық өсімдіктердің де өсуіне жағдай жасау қажет", – деді Мемлекет басшысы.

Соңында Елбасы көгалдандыру және ағаш егу жөніндегі жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.


Жаңалықтар
0