Өңірлер

Елбасы Астана маңындағы суқоймада демалыс аймағын жасауды тапсырды

© Sputnik / Kirill Kallinikovжағажай
жағажай - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет асшысы Астана маңында шағын суқоймаларын жасап, олардың бірін жағажай демалысы үшін жабдықтауды тапсырды

АСТАНА, 28 маусым — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев астаналықтардың жағажайлық демалысы үшін жаңа орын жасауды тапсырды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Бурабай - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Президент Бурабайда бағаның қызмет деңгейіне сай келмейтінін айтты

Елбасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішевпен кездесу барысында су ресурстарын дамыту және ауылдық жерлердің тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы Астананы және өзге де өңірлерді су деңгейінің көтерілуі мен су тасқынынан қауіпсіз етуге мүмкіндік беретін жобаларды іске асырудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

"Судың көптігі су деңгейінің көтерілу қаупін тудырады. Бір жағынан, оны ұтымды, әсіресе ауыл шаруашылығында пайдалануға болады. Осыған орай әр елді-мекенде шағын су қоймаларын салуды қамтамасыз ету қажет", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президентіне бөгеттердің қазіргі жағдайы және су деңгейінің көтерілуі мен су тасқыны болуы мүмкін өңірлерде жаңа су қоймаларын салу перспективалары жөнінде мәлімет берілді.

Сондай-ақ, Елбасы Астана маңындағы су қоймалары мен көлдердің туристік әлеуетін арттыру қажеттігін айтты.

"Кеңбидайық су қоймасы қалаға жақын орналасқан. Бұл жер елорда тұрғындары демалатын орындардың біріне айналуға тиіс. Онда жағажай жасап, демалыс орындарын салу керек", – деді Мемлекет басшысы.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.

 

Жаңалықтар
0