АСТАНА, 28 маусым — Sputnik. Шілденің 1-нен 10-на дейін Елорда күні құрметіне "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы көрмеге билет алу үшін жаңа шарттар енгізіп жатыр.
Үш билет сатып алған кезде демалыс топтарында қонақтар бір билетті сыйға алады. Демалыс күндері 17 жасқа толмаған келушілер көрмеге тегін кіре алады. Бұл ретте 12 жасқа толмаған баланы ересек адам алып жүруге тиіс.
Сонымен қатар "Кешкі" деген жаңа билет түрі пайда болды. Ол 18:30-дан бастап жарамды. Оның құны жұмыс күндері 2000 теңге, демалыс күндері 3000 теңге болады. Жеңілдік қарастырылған адамдар үшін билет құны екі есеге арзан болмақ: 1000 теңге жұмыс күндері және 1500 – демалыс күндері.
Бұдан бөлек ЭКСПО-2017-ге абонемент (көрмеге бірнеше мәрте кіруге мүмкіндік беретін билет) алуға болады. Абонемент құны 50 000 теңгені (жеңілдік қарастырылған санат үшін 25 000 теңге) құрайды.