Оқиға

Әскерилер теңізге ағып кеткен екі ақтаулықты құтқарды

© Sputnik / Баубек КоныровАқтау.
Ақтау. - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адамдар бірнеше сағат іздеуден кейін жағадан екі шақырым жерден табылды

АСТАНА, 27 маусым — Sputnik. ҚР ҚМ Әскери-теңіз күштерінің "Қазақстан" зымыран артиллериялық кемесінің экипажы 26 маусымда теңізге ағып кеткен Ақтау қаласының екі тұрғынын құтқарды, деп жазады өңірлік "Лада" басылымы. 

1982 және 1990 жылы туған екі ер адам Ақтаудың 1-ықшам ауданында жағажайдағы понтонда жұмыс істеп жатқан кезде дауыл тұрып, понтонның жартысын жұмысшылармен бірге теңізге әкетті.   

Құтқарушылар ер адамдарды жүзу құралдарымен іздеген, алайда бірнеше сағаттан соң ғана жағадан бірнеше шақырым жерден ер кісілерді "Қазақстан" ЗАК экипажы тауып алып, құтқарып қалды.   

Екі зардап шегуші "Апаттар медицина орталығына" медициналық көмек көрсету үшін берілді. 

Өткен аптада иран кемесінің экипажы теңізді үш күн өткізген Маңғыстау облысының тұрғынын құтқарып қалды.


Жаңалықтар
0