Өңірлер

Еліміздің басым бөлігінде сәрсенбіде құбылмалы ауа райы сақталады

© Sputnik / Болат ШайхиновЖаңбыр
Жаңбыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кей жерлерде жаңбыр күтіледі, найзағай болады, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін

АСТАНА, 27 маусым — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидрометтің баспасөз қызметі. 

Тек республиканың батыс және оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде Павлодар, Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтідеді.

Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, түнде Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады. Күндіз Атырау облысында, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Күндіз Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай, облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.


Жаңалықтар
0