Өңірлер

Павлодарда "Арай" дәмханасы маңында тағы да төбелес шықты

© Sputnik / Анна Соловьева / Медиабанкке өтуТөбелес
Төбелес - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жарты ай бұрын дәмхана маңында болған төбелесте бір адам қаза тапқан болатын

АСТАНА, 27 маусым — Sputnik. Павлодар қаласында "Арай"дәмханасы маңында 11 маусымда болған төбелес салдарынан бір адам көз жұмған еді, кеше түнде сол жерде тағы да қақтығыс туындады, деп жазады Instagram желісіндегі "Типичный Павлодар" парақшасы.

 

 

 

"Арай" дәмханасының жанында әлгінде ғана төбелес болып, ер адам қаза тапқан еді! Содан бері бір ай да өте қойған жоқ, 2017 жылғы 26 маусымда таңғы 4 кезінде жаппай төбелес тағы қайталанды. Бұл жолы "4 комнаты" клубының күзетшілері екі жігітке жабылды. Қатты соққыдан жігіттердің бірі есінен танып қалған, оны жедел жәрдеммен алып кетті.  Біз, Естай 81/1 үйінің тұрғындары, бұл жерден өтуге қорқатын болдық. Әкім Болат Жұмабекұлынан осы мәселені шешіп беруін сұраймыз! Қолдау көрсетеді деп үміттенеміз!", — делінген әлеуметтік желідегі үндеуде. 

Бұдан бұрын Павлодарда "Арай" сауда үйі маңында 11 маусымда болған төбелеске 10 адам қатысып, біреуі пышақ жарақатынан қаза тапқан еді. 

Жаңалықтар
0