Спорт

Боксшы Бейбіт Шүменов шаршы алаңда жанарынан айырыла жаздаған

© AP Photo / Eric GayБейбіт Шүменов
Бейбіт Шүменов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бірінші ауыр салмақ дәрежесінде WBA чемпиондық белдігінің бұрынғы иегері Бейбіт Шүменовтің кәсіби бокстан кетуіне дәрігері кеңес берген

АСТАНА, 27 маусым — Sputnik. Бірінші ауыр салмақ дәрежесінде WBA чемпиондық белдігінің бұрынғы иегері Бейбіт Шүменов кәсіби бокспен айналысуын жалғастыра берсе, жанарынан айырылуы мүмкін еді, дейді оның дәрігері Кент Л. Уэллиш.

Бейбіт Шүменов - Sputnik Қазақстан
Спорт
Бейбіт Шүменов WBA чемпиондық белдігінен айырылып қалды

Маусым айында Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBA) қазақстандықты бірінші ауыр салмақ дәрежесіндегі чемпиондық атағынан айырып, белдікті кубалық Юниер Дортикосқа берді, қос былғары қолғап шебері биыл сәуір айында жекпе-жекке шығуға тиіс болатын. Алайда кездесуге бір апта қалғанда спарринг кезінде 33 жастағы қазақстандық оң көзінен соққы алып, операция жасатуға мәжбүр болған. Сол себепті жекпе-жек болмайтын болды. 

Бірнеше ай өткен соң қазақстандықтың кәсіби бокс мансабын мүлдем жалғастыра алмайтыны белгілі болды: WBA операция жасаған дәрігер Кент Л. Уэллиштің хатын негізге алып, Шүменовті чемпиондық белдіктен айырды. 

Дүйсенбі күні 26 маусымда Boxingscene.com сайты дәрігердің хатының мазмұнын жариялады.

"Бейбіт Шүменов ауыр жарақат алған – оң көзінің мүйізгек қабығына зақым келген. Кәсіби боксты жалғастыратын болса, көру қабілетінен мүлдем айырылуы мүмкін. Менің медициналық қорытындым мынау: жарақатын асқындырып, көру қабілетінен айырылып қалмау үшін жекпе-жек, спарринг және жаттығуларды тоқтатуы тиіс", — дейді дәрігер.  

Дәрігердің бұл шешімімен Шүменовтің өзі де келіскен екен.

"Өкінішке орай, жекпе-жекке бір апта қалғанда алған жарақатымның салдарынан WBA атағынан бас тартып, бокстан кетуге мәжбүрмін. Бокстағы мансабымның осылайша аяқталғанына өкінемін. Алайда бұл спорт түрінде жарақат алмай жүру мүмкін емес, оған еш амалым жоқ. Көзімн әлі бұлдырап жүр, келесі айда тағы бір операция жасатуым керек. Жанарымнан айырылып қалмас үшін тәуекелге бармайын деп шештім",  — дейді боксшы. 

Жаңалықтар
0