ЭКСПО-дағы Ұлыбритания павильонында дүйсенбі күні мереке болып, осы елдің Ұлттық күні өтті.
Принц Ричардтың келуі мерекенің сәнін келтірді. Ол Елизавета ІІ ханшайымның ағайын інісі және дүние жүзіндегі тұңғыш ЭКСПО-ның негізін құраушы Альберттің ұрпағы. Тұман Аильбионынан ЭКСПО-ға әкелінген қолшатырларда Британ жалауы бейнеленген. Күні бойы көрме кешенінің аумағында Лондон заманауи балет театрының әртістері, сонымен қатар шотландиялық волынкамен музыканттар өнер көрсетіп жатыр.