Өңірлер

Маңғыстаулық сарбаз әскерден не үшін қашып кеткенін айтты

© Sputnik / Табылды КадырбековӘскер
Әскер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сарбаз Орал қаласынан әскерге шақырылған, ол жақта анасы мен туған ағасы тұрады екен

АСТАНА, 26 маусым — Sputnik. Жұма күні әскери бөлімшеден қашып кеткен сарбаз бір жарым тәуліктен астам уақыт өткен соң Маңғыстау облысындағы Жетібай ауылынан табылды, деп жазады жергілікті "Лада" басылымы. 

әскери қызметші - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Маңғыстауда әскери бөлімшеден қашып кеткен сарбаз іздестіріліп жатыр

Ұсталған азамат қызметтік орнын өз бетімен тастап кеткені үшін он күн қамауға алу жазасына кесілуі мүмкін. Бұл туралы әділет полковнигі, Ақтау гарнизонының әскери прокуроры Рустам Қожаев айтты.  

Ақтау ІІБ қызметкерлері қашып кеткен сарбазды жексенбі 25 маусым күні сағат 10:25-де ұстады.

Ақтау гарнизонының әскери прокуроры Рустам Қожаевтың сөзіне сүйенсек, ұсталған сарбаз бөлімшеге жеткізіліпті, "аман-есен" екен.

"Сарбаз үйін сағынып қашып кеткенін айтты, мұндай жайт әдетте жас сарбаздардың арасында болады. Оралдағы анасына кеткісі келіпті. Ата-анасы ажырасып кеткен. Анасы жалғыз тұрады, өзінен үлкен ағасы бар", — деп атап өтті Рустам Қожаев. 

19 жастағы қатардағы сарбаздың жоқтығын кезекші 23 маусымда ұйықтар алдындағы тексеру барысында анықтаған. 

Жаңалықтар
0