Экономика

Қазақстан Ресейдің инновациялық вагондарын кіргізбей қойды

© Sputnik / Александр Кондратюк / Медиабанкке өтуТеміржол, вагондар
Теміржол, вагондар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан отандық инфрақұрылымға сәйкес келмейтін ресейлік теміржол вагондарын елге кіргізуге тыйым салды

АСТАНА, 26 маусым — Sputnik. Қазақстан отандық инфрақұрылымға сәйкес келмейтін ресейлік теміржол вагондарын елге кіргізуге тыйым салды, деп жазады "Коммерсантъ" газеті. 

Астананың жаңа вокзалы - Sputnik Қазақстан
Фото
Мың рет естігенше, бір рет көр: Елбасы жаңа теміржол вокзалында

Басылымның атап өтуінше, бұл тыйым салу Қазақстан сатып алған бес мыңнан астам қытайлық вагондарды ресейлік рейстерге жібермеулеріне жауапты шара болуы мүмкін. 

"Ресей темір жолдары" компаниясының (РТЖ) өзінің қазақстандық әріптестерінен білікке 23,5 тоннадан астам жүктемемен инновациялық вагондардың қатынауына инфрақұрылымның дайын еместігі туралы жеделхат алғаны хабарланады. 

Инновациялық деп білікке (25 және онда да астам тонна) асыра жүктеме берілген, тағы бірқатар басқада сипаттамаға ие вагондар аталады.  "Ресей темір жолдары" паркінде қазірс сондай сипаттағы 65 мың вагон қолданылады. 

Ахуал бойынша ресми пікірді басылым әлі ала алған жоқ. 


Жаңалықтар
0