Әлем

Австриялық сенатор қызын емізіп тұрып, парламентте сөз сөйледі

Жазылу
Австриялық парламентарий Ларисса Уотерс парламент отырысында жаңа туған қызын емізіп, "төңкеріс" жасады

АСТАНА, 26 маусым — Sputnik. Австралияның жасылдар партиясының өкілі 40 жастағы сенатор Ларисса Уотерс өз қызы Алия Джойды емізді, деп жазады The Sydney Morning Herald басылымы. 

Екінші қызын босанған жас ананың алғаш рет жұмысқа шығып, парламенттік тыңдауға өзімен бірге сәбиін ала келгені хабарланады.

"Федералдық парламентте тұңғыш емізілген сәбидің менің қызым Алия болғанын мақтан тұтамын! Бізге парламентке әйелдер мен ата-аналар көбірек керек", — деп жазды Уотерс өзінің Твитердегі аккаунтында. 

Уотерстің әріптесі Кэти Галлахер бұл жағдайды әйгілі болуға лайық деп санайды. Оның сөзіне қарағанда, егер әйел балалы болғысы келіп, сонымен бірге жұмыстан қол үзгісі келмесе оған ол үшін жағдай жасалуы тиіс екен. 


Жаңалықтар
0