Экономика

Бүкіләлемдік туристік ұйым басшысы Қазақстан үкіметінің отырысына қатысады

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуБҰҰ Бүкіләлемдік туристік ұйымның бас хатшысы Талеб Рифаи
БҰҰ Бүкіләлемдік туристік ұйымның бас хатшысы Талеб Рифаи - Sputnik Қазақстан
Жазылу
БҰҰ Бүкіләлемдік туристік ұйымның бас хатшысы Қазақстан үкіметінің отырысында қазақстандық туризмнің даму келешегі туралы сөз сөйлейді

АСТАНА, 26 маусым — Sputnik. БҰҰ жанындағы Бүкіләлемдік туристік ұйымның бас хатшысы Талеб Рафаи Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өтетін Қазақстан Үкіметінің отырысына қатысады.

"Үкіметтің ертеңгі отырысында Қазақстандағы туристік қызметті дамыту тұжырымдамасын талқылайтын боламыз. Ол Үкіметтегі біздің отырысымызға қатысу үшін кестесіне өзгеріс енгізді. Әрине, біздер үшін Үкіметтің отырысына Бүкіләлемдік туристік ұйым басшысының қатысуы зор мәртебе", — деді Арыстанбек Мұхамедиұлы "Туризм және Болашақ энергиясы" халықаралық конференциясы  аясында өткен баспасөз мәслихаты барысында.

Талеб Рифаидің өзі де отырысқа қатысатынын растап, Қазақстан туризмінің дамуы туралы пікір білдірді.  


Жаңалықтар
0