Оқиға

Ақтөбедегі төбелестің мән-жайы белгілі болды

© Sputnik / Табылды Кадырбековтөбелес
төбелес - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Видео Instagram желісінде "Түлектердің жаппай төбелесі" деген тақырыппен жарияланған

АСТАНА, 26 маусым — Sputnik. Ақтөбе облысы ішкі істер департаменті түлектер аласындағы төбелес туралы ақпаратты жоққа шығарды. 

Бір күн бұрын жарияланған видеода үйлену тойының қонақтары мен караоке клубтың өзге келушілері арасындағы төбелес түсіп қалған, деп хабарлады ведомствода. 

Төбелес - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Желіде Ақтөбедегі жаппай төбелестің видеосы жарияланды

"Аталған төбелестің той аяқталған соң клубтан шыққан жастар мен караоке клубтың өзге келушілері арасында болғаны анықталды. Ішкі істер бөліміне оқиғаның үш қатысушысы жеткізілді", — деп атап өтті ведомствода. 

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізімінде тіркелді.  

Видео Instagram желісіндегі aktobe_zello парақшасында "Түлектердің жаппай төбелесі" деген тақырыппен жарияланған. Онда бірнеше жас жігіттің өзара түсінісе алмай жатқаны көрініп тұр. 


Жаңалықтар
0