Саясат

Елбасы Қытай халқына лай көшкінінен адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айтты

© REUTERS / CHINA STRINGER NETWORKлай көшкіні
лай көшкіні - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Лай көшкіні 20-дан астам адамның өмірін қиып, 60-тан аса үй шаруалығын қиратты

АСТАНА, 25 маусым — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назабаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Мемлекет басшысы биылғы 24 маусымда Сычуань провинциясындағы лай көшкіні салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Осындай ауыр сәтте Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан Сізге, қаза болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін", – делінген жеделхатта.


Жаңалықтар
0