Өңірлер

Жексенбіде еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтіледі

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтужаңбыр
жаңбыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кей жерлерде жаңбыр күтіледі, найзағай болады, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін

АСТАНА, 25 маусым — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар комитетінің сайты.

Республиканың оңтүстік-батысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Атырау облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі.

Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай болады, жел 15-20 м/с күшейді. Ақтөбе, Жамбыл, Солтүстік  Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі. Күндіз Алматы облысында, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты ыстық болады. Күндіз Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

 

Жаңалықтар
0