Өңірлер

Павлодар маңында көлік өзенге құлап, ер адам суға кетті

© Sputnik / Павел Петров Өзенге құлаған көлік
Өзенге құлаған көлік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жолашуылар мінген көлік өзенге құлап кеткен

АСТАНА, 24 маусым — Sputnik. 23 маусымда жүргізуші және үш жолаушы бар көлік Павлодарға жақын маңда өзенге құлап кетті, жолаушылардың бірі табылған жоқ, деп хабарлайды Instagram желісіндегі "Типичный Павлодар" парақшасы.

Оның мәліметінше, кеше сағат күндізгі үш кезінде Павлодар маңындағы Кенжекөл ауылында төрт ер адам мінген көлік Ертіс өзені жағасындағы жырадан суға құлап кеткен. Көліктегі үш ер адам аман қалып, төртіншісі суға кеткен. 

 

 

Ол 1984 жылы туған Александр Головин екен. 

"Ол бірнеше рет су бетіне шығып, кейін көзден ғайып болған, — делінген хабарламада. – Көлікті судан алып шықты". 

Құтқарушылар мен еріктілер ер адамның денесін іздеп жатыр.

Жаңалықтар
0