АСТАНА, 24 маусым — Sputnik.Тәжікстанда Үкімет шешімі бойынша енді қасиетті мекенге қажылық жасау тек 40 жастан асқандар үшін ғана қолжетімді болмақ, деп хабарлайды muslim.kz.
19 Сәуір 2017, 16:40
Ескерте кетейік, қажылық сапарына байланысты жас шектеуі тәжік елінде осымен үшінші рет енгізіліп отыр. 2010 жылы Тәжікстан билігі кәмелетке толмағандар мен 80-нен асқан қарияларға қажылық жасауға тыйым салған болатын. Ал, бірнеше жыл өткен соң 35 жасқа толмағандарға тыйым салынды.
Былтырғы жылы Тәжікстан мемлекетінен қажылық сапарына 6 000 жан аттанған екен. Елдің Дін істері комитеті жыл сайын Сауд Арабиясы билігіне бөлінетін квота санын көбейтуді сұрап келе жатқанымен, әзірге көңіл көншітерлік жауап ала алмаған.