АСТАНА, 24 маусым — Sputnik. Хайуанаттар үйі мемлекеттік-жеке серіктестік аясында іске асырылмақ, деп хабарлады "Астана ветсервис" директоры қызметін атқарушы Айдархан Арыстанов елордалық әкімдік медиаорталығына.
Хайуанаттар үйі арнайы ХҚКО ауданында салынады, ол жерде құрылысқа арналған жер телімі бөлінген.
Жаңа хайуанаттар үйі төрт жүз ит пен жүз мысыққа пана болады, онда қыдыртуға, үй жануарларын жаттықтыруға арналып жабдықталған алаңдар болады, деп түсіндірді сұхбат беруші.
"Хайуанаттарды ұстап көретін шағын зообақ, үйрету алаңдары, карантинге арналған орын, хайуанаттарды пішу блогы болады. Бұралқы ит пен мысық көбейіп кетпес үшін, оларды пішу қажет", — деп атап өтті А. Арыстанов.