АСТАНА, 23 маусым — Sputnik. Танымал кәсіпкер Бейбіт Әлібеков Астана мен Алматы арасындағы тас жолда жарылып жатқан асфальтті көрсетті. Бұл туралы жеке парақшасында жарияланған бейне роликте FB пайдаланушысының өзі айтып жатыр.
"Қазақстан астаналары – Астана мен Алматы арасындағы жолдың түрі мынадай. Жаңа біздің көзімізше, бірнеше сағат бұрын фура шұңқырға түсіп кетіп, жыраға құлады. Барлығы: "Неліктен сіз Rolls-Royce-пен мына жолға шықтыңыз?" дейді. Мен бар болғаны осы проблемаға қалай назар аудартуды білмеймін", — дейді видеода Әлібеков.
Видеодан шынында, жыраға құлап кеткен тартқышты көруге болады.
"Меніңше, Алматыда мына жолдардағы шұңқырлар секілді терең кәріз жоқ сияқты", — деп қосты ол.