АСТАНА, 23 маусым — Sputnik. Астаналық урбанистика орталығы жақында қала қауымы үшін ашық кеңістік іске қосылатынын хабарлайды және әріптестік орнатуға шақырады. Алаң "Керуен" СОСО мен "Солтүстік сәуле" ТК ортасындағы алаңда пайда болады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Мұндай орынды урбинистика орталығының қызметкері Әйгерім Оспанова жобалаған және Astana Art Fest серіктестігімен Астана қаласы "Есіл" ауданы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылған. Жобаның көздегені бос жатқан қала участкелерін игеру және тұрғындарға арналған қоғамдық кеңістік ретінде уақытша нысанға айналдыру.
Алаң ішінде кинотеатр, ал сыртында сахна болады. Авторлардың айтуынша, алаңды лайықтап, басқа да мақсатта пайдалана алады. Осылайша бұл аумақ әртүрлі шараларды өткізуге, лекциядан бастап, қойылымдар үшін, шеберлік-сыныптарын ұйымдастыруға алаң қажет еткен барлық қалалық қауымға ашық болады.
Кез келген қызығушылық танытқан адам office@urbanastana.com немесе орталықтың "Фейсбук" әлеуметтік желісі парақшасына жазып, өз шарасын өткізе алады. Алаңды пайдалану тегін.
Мұндай алаңдар әлемдік урбанистика тәжірибесінде бар: барлық әлем елдерінің астаналарында ұқсас кеңістіктер бар. Ол жерлерге тұрғындар өз уақытын тиімді өткізуге, әлеуметтенуге және өз қызығушылықтарына орын табуға жиналады.
Хабарламаға сәйкес, алаңның ашылуы 7 шілде күні болады деп жоспарланған.