Оқиға

Маңғыстауда ашық теңізде үш тәулік өткізген ер адам аман қалды

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуқұтқарушылар
құтқарушылар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ағыспен теңізге кетіп қалған ер адам үш тәулік бойы автокөлік шинасына сүйеніп жүзген

АСТАНА, 23 маусым — Sputnik. Маңыстау облысында жас жігіт үш тәулік бойы ашық теңізде болған, деп хабарлайды "Ақтау-Лада" басылымы. 

24 жастағы Абылай Сүлейменовтің айтуынша, маусымның 18-нен 19-на қараған түні  ол досымен бірге Ақтаудан жиырма шақырым жерде орналасқан Ақшүкір кентінің аумағында суға шомылмақ болған. Автокөлік кәмірімен  жүзген оны ағыспен теңізге алып кеткен. 

Жас жігіт маңында өткен кемелер мен тікұшақтар көргенін, айғайлап дауыс бергенін, бірақ оны есітпегенін айтты. Бір кезде ол кемені байқап, бар күшімен соған қарай жүзіп барады. Кеме Иранға тиесілі болып шықты. Теңізшілер Абылайды судан шығарып, тамақтандырып, құрғақ киім берген. Сосын өздерінің қазақстандық әріптестерімен байланысқа шыққан. Бір сағатқа жетпей оны дәрігерлер алып кеткен. 

Дәрігерлер Абылайдың жағдайын орташа дәрежелі деп бағалап, дене температурасының 32 градусқа төмендегенін хабарлайды. Келесі аптада оны үйіне шығарады. 


Жаңалықтар
0