АСТАНА, 23 маусым — Sputnik. Қостанайдан келген қонақ әйел "ЭКСПО-2017" көрмесі аумағының сыртына бірнеше минутқа шығып, қайта ішке кіре алмаған. Бақылау-өткізу бекетінен кірген әйел шамалы уақыттан соң танысының балаларын күтіп алу үшін сырқа шығады.
Қайтадан көрмеге ол кіре алмаған, өйткені оған ЭКСПО-ға кіру тәртібімен тыйым салынған.
"Не істерімді де білмеймін. Ештеңені де көріп үлгермедім, кірдім де шықтым. Мен ол ережелер туралы білмедім. Балаларым іште күтіп тұр, олардың жасары 9 және 12-де. Не істерімді білмеймін", — деді өзін таныстырғысы келмеген әйел.
Ереже бойынша әйелге жалғыз мүмкіндік билетті қайта сатып алу. Оның құны жұмыс күндері 4 мың теңге, ал демалыс күндері 6 мың теңге. Сонымен қатар ЭКСПО аймағында өтетін іс-шараға қатысу үшін ЭКСПО-ға кіру билетін сатып алу қажеттігін ұмытпау керек. Іс-шараға қатысу билетін сатып алу жеткіліксіз, көрмеге кіру билеті де міндетті.