АСТАНА, 22 маусым — Sputnik. Арнайы қызмет майоры тактикалық жаттығу кезінде көз жұмды, деп хабарланады ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сайтында
22 маусымда ҰҚК "А" арнайы мақсаттағы қызметінің оқу-жаттығу ғимаратында жоспарлы тактикалық сабақтар өткізу барысында штаттан тыс оқиға орын алып, қызметтік міндеттерін атқару кезінде нұсқаушы майор "К.Е." оқ жарақатын алды.
"Ол дереу Астана қаласының №1 қалалық ауруханасына жеткізіліп, сол жерде есін жимастан қайтыс болды", — делінген хабарламада.
Аталған факт бойынша ішкі істер органдарымен бірлесе тергеу жүргізілуде.