АСТАНА, 22 маусым — Sputnik. ҚР Ұлттық банкінің зейнетақы активтерін сенімді басқару жөніндегі қызметі барынша ашық болып отыр, деп хабарлады реттеушінің баспасөз қызметі.
"БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қызметтің айқындылығын арттыру шеңберінде ҚР Ұлттық Банкі жарияланатын есептіліктің форматын барынша ашық және жан-жақты болуына қарай қайта қарады. Инвестициялық басқару жөніндегі ай сайынғы есепке зейнетақы активтерімен жасалған мәмілелердің күні мен өлшемдері туралы мәліметтер бөлігінде толықтырулар енгізілді", — деп хабарлады ҚР Ұлттық Банкінің Монетарлық операциялар департаментінің директоры Әлия Молдабекова.
Ол "инвестициялар бойынша нақты жағдайларды көрсете отырып қаржы құралдарын сатып алуды, сату мен өтеуді қоса алғанда, зейнетақы активтерімен мәмілелер бойынша жан-жақты ақпараттың қосылғанын" нақтылады.